29/03/2024
Бюджеті: 28 473 000 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың маусымы - 2025 жылдың маусымы
Жобаның географиясы: ҚР
ҮЕҰ атауы: "Мемлекеттік тілді дамыту қоры" корпоративтік қоры
Мақсаты: Мемлекеттік тілді танымал ету және сұранысты арттыру, барлық тілек білдірушілерге оқытудың заманауи әдістемелері мен IT технологияларын пайдалана отырып, мемлекеттік тілді тегін үйренуге мүмкіндік беру, мемлекеттік тілді меңгерушілердің үлесін арттыруға ықпал ету.
Мақсатты топ: ҚР тұрғындары
Жобаның сипаттамасы: Қазақ тілі мен мәдениетін, салт – дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттауға, Қазақстанның тарихи, рухани және зияткерлік негіздерін сақтау мен дамытуға, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге, оның қоғамдық өмірдегі рөлін арттыруға, Шетелдегі диаспораның Тарихи Отан-Қазақстанмен байланысын нығайтуға жәрдемдесетін болады. Шетелде қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілді қоғамдық және мәдени-ағарту құрылымдары оқытушыларының ұлттық және халықаралық ұйымдарына жәрдемдесу.
Интернет-порталда тіркелген пайдаланушылардың саны он екі айдың қорытындысы бойынша 450 000-нан астам адамды құрайды, Көрулер саны 13 000 000-ға дейін ұлғаяды. Мобильді қосымшаны жүктеу саны 260 000-нан асады. Көру саны Soyle.pro 1 000 000-нан астам болады.
Сөйлесу клубтарында 12 айдың соңында 200-ден астам адам оқытылады.
Он екі айдың қорытындысы бойынша ""Soyletube"" арнасында бейнесабақтардың жалпы саны 15 000 000-нан асады, арнада бейнесабақтар бойынша қазақ тілін оқитын адамдар саны 60 000 болады.
Жобаларды іске асыру шеңберінде Қор түрлі мақсатты аудиториялардың өкілдері тартылатын тілдік іс – шаралар-тілдік акциялар, түрлі конкурстар кешенін өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында: орта мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері, мемлекеттік қызметшілер, лингвист-ғалымдар, Қазақ тілі оқытушылары, журналистер және шығармашыл жастар бар.
Comments are closed.