ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

САЛАМАТТЫ БОЛАШАҚ

01/10/2024

Бюджеті: 198 440 666 тг

Іске асыру мерзімі: 2024 жылғы қазан мен 2025 жылғы шілде

Қамтылған өңір: Қазақстан Республикасы

Серіктес: «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры

Мақсаты: Жыл бойғы спорттық және жарыстық іс-шаралар арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың жеке  тұлғасын дамытуға қолдау көрсету, бейімделген дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

Мақсатты топ: Ерекше білім қажеттіліктері бар балалар мен жастар, 910 бала мен жастарды қамту.

Нәтижесі: Қазақстанның 21 елді мекенінде 890 оқушыны қамтитын 78 секция ұйымдастырылды. Олар:

  1. Астанада – 15 топ, 210 оқушы (бейімделген футбол, жеңіл атлетика, голбол,бочча, жүзу, хореография, каратэ, таэквандо, теннис)
  2. Алматыда – 5 топ, 50 оқушы (Церебральды сал ауруы бар адамдарға арналған футбол, бочча, каратэ, жүзу).
  3. Павлодарда – 10 топ, 110 оқушы (бейімделген футбол, бочча, жүзу, хореография,бейімделген пионербол)
  4. Шымкент – 10 топ, 130 оқушы (бейімделген футбол, бочча, жүзу, хореография, таэквандо);
  5. Қарағанды бойынша ​​– 5 топ, 60 оқушы (бочча,  жүзу, хореография, таэквандо);
  6. Жаңаарқа ауданы – 2 топ, 20 оқушы (бочча, бейімделген футбол);
  7. Арал қ. – 1 топ, 10 оқушы (бочча);
  8. Ақсу – 2 топ, 20 оқушы (бочча, бейімделген футбол);
  9. Ақтау – 2 топ, 20 студент (бочча, инклюзивті хореография);
  10. Түркістан облысы Кентау қаласы – 10 оқушы, 1 топ (бочча)
  11. Жаңаөзенде – 3 топ, 40 оқушы (бочча, жүзу);
  12.  Өскемен – 3 топ, 30 оқушы (бочча, жүзу);
  13. Атырау – 3 топ, 30 оқушы (бочча, бейімделген футбол);
  14. Талдықорған – 3 топ, 30 оқушы (бочча, жүзу);
  15.  Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы – 10 оқушы, 1 топ (бейімделген жүзу);
  16. Екібастұз, Павлодар облысы – 30 оқушы, 3 топ (бочча, хореография, бейімделген пионербол)
  17.  Қостанай қаласы, Қостанай облысы – 10 оқушы, 1 топ (бочча).
  18.  Тараз, Жамбыл облысы – 10 оқушы, 1 топ (бочча).
  19.  Қаратау, Жамбыл облысы – 20 оқушы, 2 топ (бочча, хореография).
  20.  Семей қаласы, Абай ауданы – 30 оқушы, 3 топ (бочча, адаптивті футбол).
  21.  Үржар ауданы, Абай облысы – 20 оқушы, 2 топ (бочча).

Балалармен 57 жаттықтырушы айналысады

          100 бала кәсіби секциялар мен клубтарға көшті: БЖСМ жанындағы бочча секциясы мен кәсіби спорт клубтарына 60 тәрбиеленуші, бочча аймақтық федерацияларының секциясына 40 бала мүше болды

          2024 жылдың қаңтар айында Шымкент пен Астананың футбол секцияларына қатысушы 16 бала футболдан республика чемпионатына қатысты.

Жобаның 14 боччисті 2024 жылы Боччадан Республика чемпионатына қатысты.

Бочча спорт түрінен жобаның 10 түлегі «спорт шебері» спорттық атағын, 12 түлегі «спорт шеберіне үміткер» спорттық атағын алды.

Павлодар облысындағы жүзу секциясының 1 қатысушысы  «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алды.

2025 жылдың маусым айында жобаның 350-ге жуық спортшының  қатысуымен Children Paralympic Games (Балалар Паралимпиада ойындарын)  өткізу жоспарлануда.

Comments are closed.