31/07/2024

Бюджеті: 243 394 907 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылғы шілде-желтоқсан аралығы
Қамтылған өңір: Петропавл қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы
Серіктес: «Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы» ЗТБ
Мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысының жастарын әлеуметтендіру үшін шығармашылық орталық/хаб құру, креативті білім беру және дағдыларды оқыту
Мақсатты топ: облыстың шығармашыл жастары, кәсіби мамандар, тұрғындар
Нәтижесі: Шығармашылық индустрия орталығы Сәбит Мұқанов атындағы бұрынғы қазақ театрының ғимаратында орналасқан. Жалпы ауданы 2 211,1 ш. м.
Мемлекет басшысының креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында заманауи қазақ өнерін дамытуды мақсат еткен шығармашылық кеңістік 2024 жылдың қазан айында «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылды.
Барлығы 9 аймақ жұмыс істейді: Oyu lab (дизайн, 3D модельдеу), Santaram (Графикалық дизайн), Sandyq (киім дизайнері), Digital nomads (СММ, маркетинг), Art galam (көрмелер), Qazyna (кітапхана), Orta (коворкинг), Qainar (Хореография), Koncerttik zal (іс-шаралар).
Comments are closed.