ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Балаларға өмір сыйла», «Жетімсіз Қазақстан», «Аутизмді жеңеміз!»

15/06/2023

ҮЕҰ атауы: "Милосердие" ерікті қоғамы" ҚҚ

Бюджеті: 207 120 119 теңге

Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың маусымы - 2024 жылдың мамыры

Жоба географиясы: Қазақстан Республикасы

Мақсатты аудиториясы: 

1. Қазақстан Республикасы аумағында емделмейтін ауыр дерттері бар балалар.

2. Отбасылар мен асыранды балалар

3. Аутизм спектрі бұзылған балалар және олардың ата-аналары

Мақсаты: 

"Балаларға өмір сыйла" жобасы Қазақстан Республикасының аумағында емделмейтін ауыр сырқаты бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған.

"Жетімсіз Қазақстан" асырап алынған балалардың мәселесімен, балаларды отбасына орналастырумен және басқа да өзекті мәселелер бойынша заңгерлік қолдау көрсетуге бағытталған

"Аутизмді жеңеміз" жобасы аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 26.05.2023 № 09/23 шешімі

Жобаның сипаттамасы: 

"Балаларға өмір сыйла" жобасы:
1) Қазақстанда емделмейтін ауыр сырқаты бар кемінде 100 балаға көмек көрсету;
2) Қазақстанда емделмейтін диагноздар бойынша балаларды емдеуге ақы төлеу үшін 350 000 000 теңге мөлшерінде демеушілік қаражаттың фандрайзингі;
3) кемінде 400 отбасына бастапқы консультациялық көмек көрсету.
"Жетімсіз Қазақстан" жобасы:
1) кемінде әлеуетті 250 асырап алушыға бала асырап алу мәселелері бойынша консультациялық көмек.
2) кемінде 70 өтініш білдірген азаматқа балаларды отбасыға орналастыру, балалардың құқықтары және өзге де бұзушылықтарға қатысты жағдайлар бойынша құқықтық қолдау.
"Аутизмді жеңеміз" жобасы:
1) аутизм диагнозын бастапқы диагностикалауға және нақтылауға кемінде 260 балаға көмек көрсету.
2) "АСД бар балаларды әлеуметтік белсендіру" бағдарламасы бойынша кемінде 300 балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
3) АСД бар балалардың ата-аналары мен АСД бар балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін кемінде 6 вебинар өткізу;
4) АСД бар балалардың ата-аналары мен АСД бар балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін кемінде 6 көшпелі семинар өткізу.

Comments are closed.