31/07/2024

Бюджеті: 211 254 982 тг
Іске асыру мерзімі: 2024-2025 жылдар
Қамтылған өңір: Батыс Қазақстан облысы
Серіктес: «OzgeEpic» қоғамдық қоры
Мақсаты: Батыс Қазақстан облысының жастарын әлеуметтендіру үшін шығармашылық орталық/хаб құру, креативті білім беру және дағдыларды оқыту
Мақсатты топ: облыстың шығармашыл жастары, кәсіби мамандар, тұрғындар
Сипаттамасы:
Жобаны толығымен жабдықтау «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен жүзеге асырылса, ғимаратты жөндеу «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының есебінен іске асырылып жатыр.
«OzgeEpic Oral» жобасы бойынша ғимараттың 1 қабатында концерт алаңы, театр, кинозал, қоғамдық кітапхана және асхана орналасса, 2 қабатта галерея, мұражай, дәріс, коворкинг, АІ зертхана, мультимедиялық көрме, өндірістік цех және медиа цех бой көтереді. Енді жаңа орталықта облыс тұрғындары тәлімгерлердің басшылығымен қойылымдарға, шеберлік сабақтарына, анимация мен дубляж жасауға қатыса алады. Осылайша, шығармашылық жастарды түрлі контент дайындау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған орталығы құрылады. Сонымен бірге сұранысқа ие бағыттар бойынша 200 адамды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарлануда. Шығармашылық хабтың ашылуы 2025 жылы жоспарланып отыр.
Comments are closed.