29/03/2024

Бюджеті: 41 661 756 тг
Іске асыру мерзімі: 2024-2025 жылдар
Қамтылған өңір: Қазақстан Республикасы
Серіктес: «ITeachMe» біліктілікті дамыту орталығы» қоғамдық қоры
Мақсаты: 180 мүмкіндігі шектеулі азаматты нарықта сұранысы бар AI-маманы, NO CODE әзірлеуші, Motion- дизайн, UI / UX + WEB шебері бағыттары бойынша оқыту
Мақсатты топ: мүгедектігі бар жастар
Нәтижесі:
Амбассадорларды таңдау және оқыту:
55 үміткер өтініш беріп, 20 амбассадор таңдалды.
Көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша екі күндік тренинг өткізілді.
Амбассадорлар Қазақстанның барлық аймақтарында ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізіп, қатысушыларға қолдау көрсетті.
Студенттерді қолдау:
Бүкіл Қазақстаннан 1835 өтініш келіп түсіп, 819 үміткер тестілеуден өтті, 649 азамат әңгімелесу кезеңіне өткізілді.
No Code, жасанды интеллект, UX/UI және веб-дизайн салаларында оқыту үшін 269 студент таңдалды.
Курстарды 6 тәжірибелі оқытушы жүргізіп, барлығы 202 адам оқуды аяқтады, оның 147-сі мүмкіндігі шектеулі азаматтар.
Оқу курсын сәтті аяқтағандардың ішінен 10 үздік жобаның авторлары ҮЕҰ-дан 100 000 теңгеге дейінгі коммерциялық тапсырыстарға ие болды.
Инклюзивті лагерьлер жұмысы:
Лагердің негізгі мақсаттары: қатысушылардың сенімін, қарым-қатынас дағдыларын және қоғамға интеграциясын дамыту.
Бірінші оқыту лагері 15-16 шілде аралығында Астанада өтіп, оған 11 облыстан азаматтар қатысты.
Екінші оқыту лагері 30-31 шілдеде Алматыда ұйымдастырылып, 8 өңірден қатысушылар қатысты.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу:
Бүгінгі таңда қатысушылардың 70-і жұмысқа орналасты. Қалған 50 азаматты еңбекпен қамту жұмыстары жалғасуда.
Comments are closed.