29/03/2024

Бюджеті: 796 386 942 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың мамыр-желтоқсан аралығы
Қамтылған өңір: Қазақстан Республикасы
Серіктес: «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры
Мақсаты: Жоба шалғай өңірлерде тұратын 50 мыңға жуық тұрғынға жоғары білікті медициналық, психологиялық, құқықтық және медиациялық (татуластыру) көмек түрлерін көрсету. Сондай-ақ, өмірге қауіп төндіретін ауруларды білікті мамандар ерте кезеңнен анықтап, оған қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге, оны жақсартуға бағытталған.
Мақсатты топ:
- Медициналық мекемелері жоқ шалғай өңірлердің тұрғындары;
- Халықтың әлеуметтік осал топтары
Жобаның нәтижесі: Медициналық пойыз мамандарының тексеру барысында пневмония, несеп тас ауруы, өт тас ауруы, жүрек қан тамырлары аурулары мен онкологияға шалдыққандар анықталды.
2024 жылғы сәуірден желтоқсанға дейінгі көрсеткіштері мынандай:
- 101 301 тұрғын тексерілді, оның ішінде 23 282 балалар және 78 019 ересектер;
- |Білікті мамандармен жүргізілген консультациялардың жалпы саны – 231 779;
- 13241 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді;
- 2949 азаматқа тегін заңгерлік және медиация (татуласу) көмегі көрсетілді.
- Оның ішінде 1105 азаматқа заңгерлік кеңестер мен медиациялық консультациялар берілді.
Comments are closed.