ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ МАМАНДАРЫН ОҚЫТУ

29/03/2024

Бюджеті: 58 629 816 тг

Іске асыру мерзімі: 2024-2025 жж.

Қамтылған өңір: Қазақстан Республикасы (16 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала)

Серіктес: «Кеңес» мүгедектердің қоғамдық қоры

Мақсаты: стационарлық жағдайларда жұмыс істейтін мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандарынан құралған пәнаралық команданың біліктілігін арттыру, балаларға арнайы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтенуін қамтамасыз ету.

Мақсатты топ: мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандары, ауыр диганоздары бар балалар мен олардың ата-аналары

Нәтижесі:

21 өңірде 1700 қазақстандық маман күрделі диагноздары бар балаларды оңалтудың жаңа әдістерін меңгеріп жатыр.  Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, мұғалімдер, дене шынықтыру нұсқаушылары био-психо-әлеуметтік диагностикаға негізделген кешенді оңалтудың авторлық үлгісі бойынша оқытылуда. Отандық сарапшылармен бірге италиялық мамандар да тәжірбиелерімен бөлісуде.

          Шілде айынан бастап Шымкент, Көкшетау, Талғар, Орал, Павлодар, Тараз, Өскемен, Қарағанды, Астана, Қызылорда қалалары мен Көшім және Тасарық ауылдарындағы 15 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 528 маманы дайындықтан өтті. Қазіргі уақытта бұл мамандар психикалық дамуы тежелген, генетикалық ауытқулары бар, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы және одан да өзге ауыр психоневрологиялық патологиясы бар 1484 баламен жеке жұмыс жоспарын жүргізуде.

          Мәселен, «Таңғы шеңбер» жаттығу балалардың көңіл-күйін жақсартуға бағытталса, ал психометрика арқылы іс-қимылы түзетіледі. АРТ-терапия сабақтары шығармашылық әлеуетін дамытуға, дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруға негізделген. Сонымен бірге, балаларды қоғамға сәтті бейімделуге, өз-өзіне қызмет көрсетуді,  әлеуметтік және күнделікті өмір дағдыларын үйренуге мүмкіндік беретін мотивациялық терапия, психологиялық сеанстар және т.б. әдістер қолданылады.      

«Кеңес» орталығының мамандарымен  теориялық және практикалық тәжірибе алмасу ісі бойынша келісімдер жасалды.

Сонымен қатар, жергілікті жерде тәлімгерлік және консультативтік қолдау көрсету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасалды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру ісі бойынша меморандумдарға қол қойылды.

6 жергілікті атқарушы органмен көшпелі топ қызметін көрсету туралы келісімдер жасалды.

50-ден астам күрделі жағдай бойынша сарапшыларға  қолдау көрсетілді.

Comments are closed.