ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ИНКЛЮЗИВТІ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА

29/03/2024

Бюджеті: 55 331 426 тг

Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың сәуірі мен 2025 жылдың сәуірі

Серіктес: «Инклюзивті қоғамды дамыту Еуразиялық қауымдастығы» ЗТБ

Мақсаты: Астанада пилоттық ресурстық орталықты ашу. ҚР «Мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі» СТ 3846-2023 ұлттық стандартын енгізу бойынша қала әкімдіктерінің, Халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың, жұмыстардың тиімділігі мен сапасының нәтижелерін жүргізу және растау әдістемелері мен құралдарын жасау, тұрғылықты жерінен қызмет көрсету орнына дейін қызметтер мен инфрақұрылым нысандарының «қадамдық қолжетімділігі» жағдайларын қамтамасыз ету бойынша халық үшін инклюзивті қалалық және әлеуметтік орта құру жөніндегі кешенді жұмыстар жүргізу

Мақсатты топ: мүгедектігі бар азаматтар, мемлекеттік органдар, қызмет көрсету саласының өкілдері, сарапшылар

Нәтижесі:

Әкімдіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, қолжетімділік нысандарының 100 қызметкеріне қолжетімділік жағдайларын бағалау, көмек көрсету бойынша оқыту жүргізілді.

Астана қаласында ресурстық оқу-әдістемелік орталығы ашылды (мекен-жайы: Астана қаласы, Е18 көшесі, 1 корпус, НП-9)

Мүгедектердің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, инфрақұрылым объектілері мен халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік шарттарын бағалау бойынша 3 сарапшы оқытылды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, Астанадағы  инфрақұрылым нысандары мен халыққа қызмет көрсетудің қолжетімділігіне баға берілді (15 ірі туристік нысан)

Атап айтсақ:
- «Мемлекеттік опера және балет театры» АҚ;

 «Бейбітшілік және келісім сарайы» МКҚК;

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония;

Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт;

«Астана» РМКП Олимпиадалық дайындау орталығы;

«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМКП;

Барыс Арена;

«Астана Арена»;

«Алау» мұз сарайы;

 «Астана Бәйтерек» монументі;

-М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры; 

- «Айланд» АҚҰ;

- РГКП «Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры»;

- «Астана Балет» театры ЖШС;

- «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық дайындық орталығы» РМКП

Comments are closed.