31/07/2024

Бюджеті: 142 804 789 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың мамыры мен 2025 жылдың сәуір айы
Қамтылған өңір: Қазақстан Республикасы
Серіктес: «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қоғамдық қоры
«БАЛАЛАРҒА ӨМІР СЫЙЛА» жобасы
Мақсаты: Қазақстанда емделмейтін ауыр сырқаттары бар балаларды емдеуге және тиісті қаржы көздерін тартуға ықпал ету.
Мақсатты топ:
Ауыр науқас балалары бар отбасылардың кең ауқымы;
Қазақстандық дәрігерлер
Нәтижесі:
- 239 отбасыға консультатциялық көмек көрсетілді;
- Тәуелсіз қаражат жинау жүзеге асырылды, оның жалпы сомасы: 296 111 475,54 теңге;
- Балаларға көрсетілген көмек саны – 146;
- Операциялар/курстар - 186, олардың қатарында: туа біткен ақаулар, урология, неврология, генетикалық, офтальмологиялық, омыртқа және ортопедиялық, онкология аурулары т.б бар.
2024 жылдың мамыр-желтоқсан айлары балаларды емдеуге 240 605 741 теңге бағытталды. Оның ішінде «Samruk Kazyna Trust» қайырымдылық қорынан 10 балаға – 19 498 163,80 теңге (2024 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін) жұмсалды.
«АУТИЗМДІ ЖЕҢЕМІЗ» жобасы
Мақсаты: Аутистік спектр бұзылысы (АСБ) бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету.
Мақсатты топ:
АСД бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың кең ауқымы;
АСД бар балалармен жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру саласының мамандары
Жобаның нәтижесі:
- АСБ бар балаларды тәрбиелеп отырған 453 отбасына консультатциялық көмек көрсетілді;
- Ата-аналарға арналған шеберлік сағаттары мен тренингтер өткізілді. Атап өтсек, балаларды қалыпты өмірге бейімдеу мәселелері бойынша аналармен 85 теориялық сабақ өткізілді, сағат саны – 188, қатысушылар саны – 50.
- Кәсіби ана-тәрбиешілерді дайындау: сабақ саны – 40, сағат саны – 50, қатысушылар саны – 26. Барлығы; оқу саны – 125, сағат саны: 238, қатысқандар саны – 76.
- 2024 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында Орталықтан 181 бала оқудан өтті, оның ішінде тұрақты негізде оқитын 70 бала және оқудан өтіп жатқан 70 ана бар. Олар психолог, логопед, емдік дене шынықтыру мамандары мен тәрбиеші, әдіскер және т.б.мамандардан көмек алды.
Орталық мамандарымен жұмыс істеу нәтижесінде: 5 бала жалпы білім беретін мектепке барды, оның ішінде 4 бала жалпы білім беретін мектепте инклюзивті негізде және 1 бала қарапайым сыныпта оқиды.
Қадырбеков Санжар – «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру мекемесінің «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде оқиды.
Михрамов Рифат – мемлекеттік бағдарлама бойынша «Аутизмді жеңеміз!» орталығында жұмыс істейді.
55 бала өзін-өзі күту дағдыларын меңгерді, балалардың 93% көз жанасуына қол жеткізді. Барлық балалар дене дайындығын шыңдап, күнделікті дағдыларды меңгерді. Балалардың 87 пайызы ақпаратты талдау және өңдеу, барлық пәндер бойынша жаңа білімді қабылдау қабілеттерін арттырды.
Comments are closed.