ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ-ДА РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ОҢАЛТУ ЗЕРТХАНАСЫН ЖАБДЫҚТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ОҢАЛТУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

25/02/2025

Бюджеті: 73 374 000 тг

Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың ІІІ-ІV тоқсаны

Қамтылған өңір: Қазақстан Республикасы

Серіктес: «Өмірге сен» қоғамдық қоры

Мақсаты: Церебральды сал ауруы және аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар мен жасөспірімдерге реабилитациялық көмек көрсету үшін NCDR-ның материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа жабдықтар сатып алу.

Мақсатты топ: Церебральды сал ауруы және аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар мен жасөспірімдер, олардың ата-аналары, мамандар

Нәтижесі: 2024 жылдың 24 қазанында D-WALL роботтық зертханасын Астана қаласындағы Балаларды оңалту ұлттық орталығына тапсыру рәсімі өтті.

Материалдық-техникалық базаны жаңарту жыл сайын церебральды сал ауруы мен аутизмге шалдыққан 450 бала мен жасөспірімді емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Comments are closed.