ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

АТЫРАУ, АҚТӨБЕ ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІН АШУ

12/12/2024

Бюджеті: 2 790 000 000 тг («Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының шетелдік серіктестерінен келіп түсті)

Іске асыру мерзімі: 2024-2025 жылдар

Қамтылған өңірлер: Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары

Серіктес: «Нысандарды салу бойынша компания» корпоративтік қоры

Жобаның мақсаты: Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу

Жобаның нәтижесі:
Спорт кешендерінің құрылысы 2025 жылы жүргізіледі. 2 қабатты кешеннің жалпы ауданы 1601,40 ш.м. және құрылыс алаңы кемінде 1174,10 ш.м. болады. Ғимаратта ойын спорт түрлеріне арналған зал және күреспен айналысуға арналған зал қарастырылады. Заманауи кешендер Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында,
Ақтөбе қаласында және Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Жаңа өмір ауылында салынады.
Осылайша үш аудандарда тұратын 40 мыңға жуық тұрғын қамтылады.

Comments are closed.