12/12/2024

Бюджеті: 27 174 666 тг («Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері арасындағы КТК форматындағы «SK Azil Fest» көңілді және тапқылар қайырымдылық кешінен жиналған қаражат)
Іске асыру мерзімі: 2025 ж. І тоқсаны
Қамтылған өңір: Астана қаласы
Серіктес: «QAMQOR INCLUSIVE» қоғамдық қоры
Мақсаты: Елордадағы мектепте инклюзияны қолдау кабинетін ашу, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау.
Мақсатты топ: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары, мектеп ұстаздары мен мамандар
Нәтижесі: Астана қаласының №53 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылады.
Таңдалған мектептегі кабинет тұжырымдамасын «Samruk-Kazyna Trust» қоры сарапшылармен бірлесіп жетілдірді.
Инклюзия қолдау кабинеттерінің ерекшеліктері:
- инклюзияны қолдау бөлмесі және емдік жаттығу залынан тұрады;
- 1 кабинеттің ауданы 60 шаршы метрден кем емес;
- Инклюзияны қолдау кабинеттерінде open space форматында психолог, логопед, арнайы білім беру мұғалімдеріне арналған жеке аймақтар және қыш шеберхасына арналған аймақ бар;
- Денешынықтыру емдік кабинеті қажетті спорт құрал-жабдықтарымен жабдықталған.
Маған ұнайды
0
Comments are closed.