ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ

25/02/2025

Бюджеті: 81 266 272 тг

Іске асыру мерзімі: 2024-2025 жыл

Қамтылған өңір: Астана қаласы

Серіктес: «Астана Опера» театрын қолдау қоры» қоғамдық қоры

Мақсаты: Жоба балет әртістерінің, оркестрдің және театрдың өндірістік цехтарының қызметкерлерінің медициналық оңалтуды ұсыну

Мақсатты топ: балет әртістері, оркестрдің және театрдың өндірістік цехтарының қызметкерлері

Нәтижесі: Оңалту орталығы 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. «Астана Опера» театрындағы оңалту орталығы халықаралық тәжірибені ескере отырып жабдықталды. Себебі, әлемнің көптеген театрларында жеке медициналық клиникалары мен орталықтары бар.
Алдын алу және оңалту бағдарламасы аясында жыл сайын 600-ге жуық адам көмек алады.
Жалпы ауданы 114 ш.м. болатын орталық бірнеше аймақтан тұрады және жоғары технологиялық жабдықтар қойылған, соның ішінде магнитотерапия, диатермия, прессотерапия және соққы толқыны терапиясына арналған аппараттары бар. Соның арқасында қызметкерлердің бұлшықеттері қалпына келіп, ауырсыну жеңілдейді, кәсіби аурулардың алдын алуына жағдай жасалды.

Comments are closed.