29/03/2024

Бюджеті: 84 841 240 тг
Іске асыру мерзімі: 2024 жылдың маусым-тамыз айлары
Қамтылған өңір: Алматы, Алматы облысы
Серіктес: «ДЦП life» Орталық Азиялық» жеке қоры
Мақсаты: Спорттық лагерьлер ұйымдастыру арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу.
Мақсатты топ:
- церебральды сал ауруы бар балалар мен жасөспірімдер (10-18 жас), психо-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі, аутизм, көру қабілетінің бұзылуы және тірек-қимыл аппаратының зақымдануы бар балалар және балалардың ата-аналары (заңды өкілдері);
- спорт жаттықтырушылары; тәрбиешілері мен еріктілер.
Нәтижесі: Цеберальды сал ауруына шалдыққан балалар, психомоторлы дамуы тежелген, аутизм, көру қабілеті бұзылған, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған 200 бала мен жасөспірім (10-18 жас) және олардың ата-аналары үшін 4 маусымдық Спорт лагерьлері ұйымдастырылды.
1 маусым уақыты: 2024 жылғы 10-16 маусым аралығында «Heaven Club» демалыс аймағында (Қапшағай қ.)
2 маусым: 2024 жылғы 8-14 шілде аралығында «Heaven Club» демалыс аймағында (Қапшағай қ.)
3 маусым: 2023 жылғы 4-10 тамыз аралығында «Heaven Club» демалыс аймағында (Қапшағай қ.)
4 маусым: 2024 жылғы 11-17 тамыз аралығында «Heaven Club» демалыс аймағында (Қапшағай қ.)
Балаларға бейімделген спорттың 5 түрі таныстырылды, олар: бочча, бейімделген футбол, корноль, туттербол, садақ ату. Ал олардың ата- аналары мен қараушыларына психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.
Comments are closed.