11/12/2022
ҮЕҰ атауы: "Орталық Азия ДЦП life" жеке қор
Бюджеті: 51 359 700 теңге
Жоба географиясы: Алматы, Алматы облысы
Мақсатты аудиториясы:
- церебральды сал ауруы бар балалар мен жасөспірімдер (10-18 жас), психо-сөйлеу дамуының кешеуілдеуі, аутизм, көру қабілетінің бұзылуы және тірек-қимыл аппаратының зақымдануы;
- осы балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) ;
- спорт жаттықтырушылары; тьюторлар, еріктілер.
Мақсаты: спорт лагерлерін ұйымдастыру арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, сондай-ақ ата-аналарына психологиялық көмек көрсетіп, ынталандыру.
Негізі: Решение Попечительского совета №03/23 от 24.04.2023 года
Жобаның сипаттамасы: Маусым, шілде, тамыз және қазан айларында ерекше балалар мен олардың ата-аналары үшін көшпелі спорт лагерлерінің 4 маусымы ұйымдастырылады. Әр маусым 5 күнге созылады. 535 адамды қамту жоспарлануда, оның ішінде 200 ерекше бала, 200 ата-ана, 100 ерікті,
25 тьютор, 5 жаттықтырушы, 2 коуч, 3 жоба қызметкері. "Самұрық-Қазына" АҚ ПК қызметкерлері. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға 100 орын (әр маусымда 25 орын) және оларға еріп жүретін
ата-аналары үшін 100 орын (әр маусымда 25 орын) бөлінетін болады. 1-3 маусымды "Балдәурен" балалар лагерінде (г. Қонаев), ал 4 маусым "Ақбұлақ"демалыс аймағында. Бес күндік бағдарлама параолимпиадалық федерациялардың жаттықтырушыларын тарта отырып, бейімделген спорттың
5 түрі бойынша жаттығулар мен жарыстарды, тартылған психологтар мен жаттықтырушылардың авторлық сессияларын пайдалана отырып, ата-аналарға арналған демалыстарды, тренингтерді, балаларға арналған шығармашылық, танымдық, дамытушылық сабақтарды, арт-терапияны, үстел ойындарын, сондай-ақ басқа да ойын-сауық іс-шараларын қамтиды.
Comments are closed.