ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ  КІТАПХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ

25/02/2025

Бюджеті: 52 548 761 тг

Іске асыру мерзімі: 2024-2025 жылдар

Қамтылған өңір: Абай облысы

Серіктес: «Кемелді қадам» қоғамдық қоры

Мақсаты: Жастар арасында кітапханаға бару мәдениетін қалыптастыру және олардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба

Мақсатты топ: облыс тұрғындары

Нәтижесі: Семей қаласының облыстық кітапханасына жөндеу және жабдықтар сатып алу жұмыстары жүргізілді. Облыстық кітапханада барлық қала тұрғындары үшін тегін қоғамдық инновациялық робототехника зертханасы, ғылыми және зерттеу жұмысына арналған оқу залы-коворкинг, ойындар мен шығармашылыққа арналған балалар аймағы ашылды. Ал нашар көретін азаматтарға арналған мамандырылған кітапхана енді өз оқырмандарына бедерлі-нүктелі қаріппен кітап шығаруға, қызметтердің кеңейтілген ауқымын көрсетуге және басқа да жерлерде шаралар өткізуге қауқарлы.

Облыстық кітапханадағы кеңістікте «Сиқырлы қылқалам», «Шебер қолдар», «Құм-арт терапиясы» сынды үйірмелерге қажетті үстел мен орындықтар, сурет салатын ыңғайлы мольберттер, құммен сурет салу үшін арнайы үстелдер, кітап сөрелері мен жұмсақ жиһаз  сыйға тартылса, оқу залы-коворкинг арнайы кітап сөрелерімін, жиһазбен жабдықталып, оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін ноутбуктер, жас оқырмандарға шаралар өткізуде пайдалану үшін проектор қолданысқа берілді. Инновациялық робототехника зертханасы компьютерлермен, ноутбуктермен, проектормен, сканермен, 3D-принтер, робот, конструктор сынды робототехниканы үйренуге арналған жинақтармен, интерактивті үстелдермен қамтамасыз етілді.

Бүгінде облыстық кітапхана ересек оқырмандарды есептемегенде, 2500-ден астам балаға қызмет көрсетеді.

Қайырымдылық жоба аясында 2025 жылы Семейде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған еліміздегі тұңғыш мамандандырылған кітапхананы салу жоспарлануда. Бұл осындай сипаттағы алғашқы және жалғыз мәдени мекеме болмақ.

Comments are closed.