Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары «SportFEST Kazakhstan» жобасының іріктеу ойындарына қатысты

13/05/2019

Нұр-Сұлтан қаласында SportFEST Kazakhstan республикалық жобасының іріктеу кезеңдері өтті. Қаланың 4 ауданынан келген 132 оқушы бозбалалар арасындағы футзал, қыздар арасындағы баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі мен ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша бақ сынасты. Спартакиаданың іріктеу кезеңіне астаналық 24 команда қатысты.

Сілтеме: Jazqazaq

Пікір үстеу