Аймақтағы әлеуметтік жобаларды дамыту — «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының басты міндеті
26/05/2023
Астана қаласындағы «Замандас» отбасылық аула клубы мен «Қамқорлық» ерте араласу орталығына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметкерлері келді. Олар елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қаржыландыратын жобалар арқылы көмек алушылармен, орталықтағы дәрігерлер, балалармен олардың ата-аналарымен және ерекше спортшылармен жүздесті.
«Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауының арқасында елорда да «Замандас 21» қоғамдық қоры арқылы отбасылық аула клубтарының жұмысы жолға қойылған. Онда балалар ағылшын тілін үйреніп, робототехникамен, музыкамен және шахматпен, өзге де пайдалы іспен айналысады. Астанадағы спорт және шығармашылық үйірмелері жылына 3 500 баланы қамтып отыр. Сонымен бірге, аталған аула клубтарында тағдырлары ауыр, тұрмыста қиындық көрген ата-аналарға да психолог мамандар кеңес береді.
Сонымен қатар, өткен жылы елордада ашылған «Қамқорлық» орталығына келген мамандар балалармен кездесті. Мұнда жыл сайын дамуы тежелген және осындай кінәраттың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі 600 бала «Samruk-Kazyna Trust» ұсынған жаңа жабдықтарда абилитациялық (бейімдеу) және оңалту көмегін алып, диагностикалық аудиологиялық тексеруден және мидың электроэнцефалографиясынан өтеді.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы болып табылады және халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырады. Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және өзге де салаларда қызмет етеді» - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілі.
Қайырымдылық қызметі шеңберінде Астана қаласында компаниялар тобының атынан 2016-2022 жылдар кезеңінде жалпы сомасы 4,03 млрд теңгеге 35 жоба іске асырылды және игі бастамалар әлі де жалғаса бермек.
«Ынтымақ» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының бастамасымен жүзеге асқан еді. Негізгі мақсат - жүзеге асып жатқан қайырымдылық қызметтер туралы ақпаратты портфельдік компаниялар мен еншілес ұйымдар кәсіпорындарының ұжымдарына таныстыру болатын. Ағымдағы жылы «Ынтымақ» жобасы аясында 150 жуық жас маман Алматы, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарының әлеуметтік нысандарына барды.
Добавить комментарий