Армандар орындалады! Балалар «Samruk-Kazyna Trust» қорының арқасында Еуропадағы би жарысына бара алды

Төрт бала өз армандарына жетіп, Ұлыбританиядағы Open European Championship 2022 Еуропа чемпионатына және бал билерінен Blackpool Dance Festival фестиваліне қатысты. Олар «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асыратын «Жас дарындар» жобасының арқасында алысқа жол жүрді.

Қиялға қанат бітірген сапарға жұптық жарыстарға қатысқан астаналық Ева Кучер, Мұхамеджан Қайратұлы мен Милан Селин және «соло» билеген Айлин Сәдуақасова аттанды.

Blackpool Dance Festival - Ұлыбританияда 1920 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, халықаралық маңызы бар бал билерінің әлемдегі алғашқы және ең танымал жыл сайынғы байқауы. Оған жыл сайын әлемнің ондаған елдерінен жүздеген қатысушылар қатысады.

Қазақстандық жасөспірімдер жарыстың жартылай және ақтық сынына жетті. Ақтық белесті бағындырғандар - 100-ден астам жұп/қатысушылардың 1-ден 6-ға дейінгі орын жеңімпаздары болса, жартылай сынға 100-ден астам жұп/қатысушылардың 7-ден 12-ге дейінгі орын жеңімпаздары жете алды.

Осы орайда балалар алдына топ-50 жұпқа кіру міндетін қойғанын және олар өз мақсаттарына қол жеткізгенін атап өту маңызды.

13 жастағы Ева Кучер сапардан алған әсерлерімен бөлісті: 

«Аңызға айналған Блэкпуль фестивалі - әлемнің көптеген бишілерінің арманы. Енді міне, мен де, осы асуға қол жеткіздім. Маған барлығы ұнады: турнирдің өткен орны, ондағы ахуал және ұйымдастырылу деңгейі! Бірақ, ең алдымен, бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Егер жетістіктер туралы айтатын сөз қозғасақ, мұнда біздің жұп Еуропа чемпионатында 4-ші орын иеленіп, Blackpool Dance Festival жартылай финалына шықтық. Осылайша Англияға алғашқы сапарымда Лондонды көрдім. Ұлыбритания астанасы мені өзінің сұлулығымен және қарапайымдылығымен таң қалдырды».

Жарыстың тағы бір қатысушысы Милан Селин де шексіз әсерге бөленген. Оның анасы Валентина Селиннің айтуынша, қызы қазір тіпті жетістіктерге ынтала түскен:

«Баламның Англияға жарысқа бару мүмкіндігін сыйлаған «Samruk-Kazyna Trust» қорына зор алғысымды білдіргім келеді. Қордың арқасында оның арманы жүзеге асты. Өйткені бізде әрқашан баланы осындай сапарларға жіберуге мүмкіндік бола бермейтіні анық. Миланды бақытты еткендеріңіз үшін рахмет. Ол қанаттанып, бақытты күйде, ерекше құлшыныспен оралды. Енді ол әлемдік деңгейде жеңіске жетіп, жаңа биіктерге еңсеруді қалайды».

Балалар «Samruk-Kazyna Trust» жүзеге асыратын «Жас дарындар» жобасының арқасында Ұлыбританияға бара алды. Бастама шығармашылық жобаларға, конкурстарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға және өзге де іс-шараларға қатысу үшін көлік шығындарын жабуға бағытталған.

Пікір үстеу