«Медициналық пойыздар»: дер кезінде анықталған ауру науқастардың өмірін қалай сақтап қалады
04/12/2018
«Медициналық пойыздар» жобасының құрамына кіретін дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Тексеру кезінде ауыр сырқаттар анықталған жағдайлар да кездесуде. Кейде науқастар медициналық пойыздардағы жоғары дәрежелі дәрігерлердің қарауынан өту үшін жұмыс істейтін бекеттерге басқа елді мекендерден арнайы келеді.
Дәл осылай, аталмыш пойыз Шығыс Қазақстан облысының аумағында болғанда, кардиолог Дархан Қарымсақовтың дер кезінде қойған диагнозының арқасында науқастың өмірін құтқарып қалды.
3 қазан күні 68 жастағы Алибек Андреев кеуде тұсының ауырсынуы мен дызылдауына шағымданып, Риддер қалалық клиникасына жүгінген. Ол ауруханаға жатқызылып, алдын-ала Миокард инфарктісі деген диагноз қойылды. Науқастың қызы Татьяна Андрееваның айтуы бойынша, оның әкесі ауруханада 15 күн жатып шыққан, бірақ жағдайы жақсармаған. Дәрігерлер Әлібек Андреевті босатып, облыстық аурухананың дәрігерлерімен кеңесуді ұсынды.
«Дәл сол күні мен жергілікті телеарнадан біздің аймаққа «денсаулық пойызы» келе жатқанын естідім және әкемді алып барып мамандарға көрсетуге шешім қабылдадым. Бізді жас дәрігер Дархан Дайырбекұлы қабылдады, ол әкемді тексеріп, қан тамырлары бұғатталып қалғанын анықтады», - дейді Татьяна Андреева.
Дархан Қарымсақов науқасты Өскемен қаласындағы облыстық ауруханаға дереу жеткізді, себебі бір минутқа да созуға болмайтын еді. Облыс орталығында 40 минут ішінде дәрігерлер дәл диагноз - өткір каронарлы жеткіліксіздікті анықтады. Келесі күні таңертең науқас каронаграфиялық және алдыңғы төменгі артерия стенттеуінен өтті. Қазірде Алибек Андреев операциядан кейін қалпына келіп, емдеудің келесі кезеңіне дайындалуда.
«Жобадағы жұмысым барысында осындай бірнеше өткір жағдай болды. Бір жолы, ұзақ уақыт бойы қан қысымы жоғары болған жас жігіт келді. Бұл қауіпті, әсіресе уақытында ем жасалмаса. Ол кісі осы іс бойынша талдау да тапсырмаған, тексеруден де өтпеген. Осындай өз денсаулығына енжар көзқарастардың, әрине, жағымсыз салдары болуы мүмкін», - дейді Дархан Қарымсақов.
Сондай-ақ, жоба барысында пойызға келушілер арасында бірнеше рет туберкулез анықталған.
«Адамдар қауіпті ауру бар болуы мүмкіндігіне күмән келтірместен, жоспарлы тексеруге келіп жатты. Флюорография туберкулездің бар екендігін көрсетті, содан кейін оларды шұғыл түрде жақын маңдағы қалалық және облыстық туберкулезге қарсы диспансерлерге жібердік», - дейді «Денсаулық» пойызының дәрігері Бекайдар Қадыров.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, «Медициналық пойыздар» сияқты жоба халық үшін өте маңызды.
«Өкінішке орай, сапалы медицина барлық жерде, әсіресе, кішігірім ауылдар мен бекеттерде қолжетімсіз. Мысалы, кейбіреулер өздерінің ауыр сырқатпен өмір сүретінін білмейді. Бір жолы, медициналық пойыздар жұмысында пациенттің өңешінде қатерлі ісікті анықтадық », - дейді Бекайдар Қадыров.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, «Медициналық пойыздар» сияқты жоба өте маңызды, себебі ол Қазақстанның шалғайдағы тұрғындарға тегін және ең бастысы сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
«Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Медициналық пойыздар» жобасын 2013 жылдан бастап қолдап келе жатыр. Осы уақыт ішінде 129 000-нан астам адамға көмек көрсетілді. Биылғы жылы жоба 29 000-нан астам қазақстандықты қамтыды. Жобаның басты мақсаты - азаматтарымыздың денсаулығына қамқорлық жасау болып табылады және осы жобаны қолдай отырып, еліміздің шалғай аудандарындағы тұрғындарды тегін медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге тырысамыз», - дейді Қордың Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.
«Медициналық пойыздар» жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бүкіл Компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қоры жүзеге асыруда.
Еске салайық, «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» пойыздары 2018 жылдың 3 қыркүйегінде «Қарағанды» және «Алматы-1» бекеттерінен жолға шықты. Қазіргі уақытта пойыздарда жүрген медициналық командалар Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының тұрғындарын тексерді. Барлығы 29 000-нан астам қазақстандық қаралудан өтті, соның ішінде 4 500-ден астамы кішкентай балалар.
«Саламатты Қазақстан» пойызы өз жұмысын аяқтады. «Денсаулық» пойызы қазіргі таңда Алматы облысында, пойыздың ол жердегі жұмысы 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.
Добавить комментарий