ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қазақстанда алғашқы инклюзивті балалар футбол клубы ашылды

22/10/2018

Алматыда 18 қазан күні балаларға арналған алғашқы қазақстандық инклюзивті «Аңсау» футбол клубы ашылды. Онда «аутизм» диагнозы бар балалар жаттығатын болады.

Аутизм спектрі бұзылуы бар балаларға арналған футбол секциясы алғаш рет бір жыл бұрын «Аутизмді жеңеміз» жобасы аясында ашылған болатын. Бұл жоба 2013 жылдан бастап «ЕМҚ» ҚҚ-мен жүзеге асырылуда. Секцияның құрылу мақсаты - аутист-балалардың топтық қасиеттерін және коммуникативтік дағдыларын, спортқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

«Футбол –топтық ойын. Өмірдегі сияқты, ол жақта да жалғыз ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Біз «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту қорына «Аутизмді жеңеміз» жобасына қолдау көрсеткені үшін және біздің балаларға сенім білдіргені үшін алғыс білдіреміз» - деді «ЕМҚ» ҚҚ-ның директоры Саин Аружан.

Мұндай секцияның, содан кейін клубтың ашылуы бірегей тәжірибе болды, себебі «аутизм» диагнозы қойылған балалар топтық ойыншылар бола алмайды деп есептеледі. Жалпыға бірдей қабылданған нанымдарға сүйенсек, олар бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасап, ортақ нәтижелерге қол жеткізе алмайды. Дегенмен, спорт секциясының жұмысы керісінше екенін дәлелдеді - аутизм спектрі бұзылған балалар топтық ойындарды ойнағанды қалайды және ойнай алады. Іс-шара барысында олар допты алып жүру және бақылау, топтық жұмыс және қозғалысты үйлестіруде өздерінің шеберліктерін көрсетті.

«Алғашқы инклюзивті футбол клубының құрылуы - балаларға спортпен айналысуға, қарым-қатынас жасауға, топпен жұмыс істеуге көмектесетін тамаша бастама. Біз үшін, бәріне қарамастан, балаларды қуанту маңызды міндет болып қала береді. Менің ойымша, біз осындай жобаларды жүзеге асырып, жемісті нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Мұндай инклюзивті спорт клубтарының ашылуы, Қазақстанда осы сияқты секциялардың ашылуына үлгі болады деп үміттенеміз. Мен жас спортшыларға үлкен жетістіктерге жетуді және барлық кедергілерден өтіп, жеңістерге ұмтылуды тілеймін », - деді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының менеджері Әбенова Баян.

Машықтандырулар аптасына екі рет «Аутизмді жеңеміз» Орталығында өтеді. Қазіргі уақытта жобаға «аутизм» диагнозы бар 8 бала қатысады. Бұдан басқа, футбол жобасында аутизмге ұшыраған балалар мен жеңіл психикалық даму бөгеліс белгілері бар балаларға арналған төрт орын бар.

Болашақта аутизмі бар балаларға арналған екінші құрамды ашу жоспарлануда. Сабақтар тегін жүргізілетін болады.

Жас ойыншыларды қолдауға «Қайрат» футбол клубының жетекшілері мен ұлттық футбол ардагері, «Қайрат» клубының ойыншысы, клубтың үздік қақпашыларының бірі - Құралбек Ордабаев, сондай-ақ «Қайрат» футбол академиясының болашақ мамандары, тәрбиеленушілері келді. Олар бірлесіп «Аңсау» клубының жас мүшелері үшін мастер-класс өткізді.

 

Анықтамалық

«Аутизмді жеңеміз» жобасы 2013 жылы бас серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Алматы қаласында, аутисттік балалардың ата-аналар қауымдастығы базасында өз жұмысын бастады. Жоба балаларында аутизм спектрі бұзылуы (АСБ) кездесетін қазақстандық отбасыларға көмек көрсетуге арналған. 2013 жылдан бастап жобаны жүзеге асыру барысында біздің мамандарымыз осы диагнозбен ауыратын 1 500-нан астам балаға кешенді көмек көрсетті.

Добавить комментарий