ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Жеңіс» жобасы: еріктілер ҰОС ардагерлеріне 2500 рейд жасады

21/09/2018

2015 жылдан бастап Қазақстанда «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы жүзеге асырылып келеді. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің деректері бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне Қазақстанда 1750 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. 

«Жеңіс» жобасының басты мақсаты – ардагерлерге тұрақты түрде қамқорлық көрсету.  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне атаулы көмек көрсету «Жеңіс» жобасының концепциясының адамгершілік негізі болып қалыптасsgкетті. 

Бүгінгі таңда жоба Қазақстанның 31 қаласында жүзеге асырылып келеді. Бұл ірі қалалар мен қатар облыс орталықтары – Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар және т.б. және Жаңаөзен, Екібастұз, Рудный сияқты кішігірім қалалар.

2018 жылы 1200 ардагерге 2500 рейд жасалды. Рейд барысында Ұлттық волонтерлер желісінің ерікті жастары ардагерлерге үй шаруашылығында көмек көрсетіп, дәрі-дәрмек пен азық-түлік алу арқылы қолдау көрсетіп отырды. Волонтерлердің айтуы бойынша, ардагерлер үшін оларды ұмытпай, қолдау көрсетіп отыру өте маңызды. Бүгінде Қазақстан бойынша ардагерлерге арналған рейдтерге 473 ерікті тартылған. 

Сонымен қатар, жоба аясында соғыс ардагерлерінің теміржол көлігімен тегін негізде жүруі қарастырылған. 2018 жылдың 31 мамыр мен 31 желтоқсаны аралығында Қазақстанда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Қазақстан мен ТМД елдеріне тегін жол жүру мүмкіндігін беретін акция іске қосылды. 

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне барлық категориядағы пойыздардың купе вагондарынан орын бөлінеді, соның ішінде «Турист» классының және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мамандандырылған купелерде орын бөлінген. Және сапар барысында ардагерлерді тамақпен қамту да қарастырылған.  Соңғы үш жылдың ішінде акцияны 900 жуық ҰОС ардагері қолданған.

Добавить комментарий