ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қазақстанның 104 коммерциялық емес ұйымы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін грант иеленді

20/08/2018

2018 жылдың 23 шілдесі мен 18 тамызы аралығында «ӘREKET» жобасының аясында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері бизнес тренингтерден өтіп, грант байқауына қатысты.

180 коммерциялық емес ұйымнан барлығы 265 адам оқу курстарынан өтті. Оның ішінде 104 үміткер әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 500 000 теңге көлемінде грант иеленді.

Ақтөбе және Маңғыстау облыстары тренинг пен грант байқауын аяқтаған соңғы өңірлер болды.

Естеріңізге салсақ, «ӘREKET» жобасы 18 маусым басталған болатын. Жобаның бірінші кезеңінде өтініштер іріктеліп, кейін коммерциялық емес ұйым өкілдері оқу курстарынан өтті. Тренинг барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері, маркетинг, қаржы, питчинг және бизнес жүргізудің құқықтық аспектілері бойынша дәрістер алды. Үшінші кезеңде тренингтен өткен барлық үміткерлер комиссия алдында өз бизнес жобаларын қорғап, грант байқауына қатысты.

Ақтөбе және Маңғыстау облысы бойынша «ӘREKET» жобасының қатысушылары мен грант иегерлерінің тізімі

Добавить комментарий