«ӘREKET» жобасына қатысу үшін онлайн сауалнама
«ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасын іске асыру туралы ЕРЕЖЕ
18/06/2018
18 маусымнан бастап Қазақстанның сегіз аймағында коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға бағытталған «ӘRЕКЕТ» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы басталады.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры коммерциялық емес ұйымдардың арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға бағытталған жобаның басталғандығы туралы хабарлайды. «ӘREKET» жобасының аясында қазақстандық коммерциялық емес ұйым өкілдері бизнес-оқытудан өтіп, өз кәсібін дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде грант ұтып ала алады.
Жоба ережелеріне сай грант – қызметі әлеуметтік қызмет көрсетуге немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жұмыс орындарын құруға бағытталған КЕҰ-ға ғана беріледі.
Жоба «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында Ақмола, Ақтөбе,Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жүзеге асырылады. Гранттардың мақсаты – ел өңірлерінде әлеуметтік кәсіпкерліктің мәдениетін дамытуды ынталандыру болып табылады.
Жобаға қатысу үшін үміткерлер «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми сайтындағы www.sk-trust.ibitrix.kz онлайн сауалнаманы толтыру керек. Сауалнамаларды қарағаннан және іріктегеннен кейін, қатысушылар өңірдің облыс орталықтарында өткізілетін тренингтерге шақырылады. Тренинг нәтижесінде үміткерлерге әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша курсқа қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталады.
Жобаның соңғы кезеңінде үміткерлер өздерінің бизнес жобаларын қорғайды. Үздік бизнес жоба иелері өз кәсібін одан әрі дамытуға 500 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болады. Сонымен қатар, 9 ай бойы жоба әкімшілері грант иегерлерінің бизнес жобасының тиімділігі мен қаражаттың мақсатты қолданылуын қадағалайтын болады.
«ӘREKET» жобасына қатысу үшін онлайн сауалнама
«ӘREKET» Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» жобасын іске асыру туралы ЕРЕЖЕ
Добавить комментарий