Ақтау қаласында көпфункционалды спорт алаңы салынды

02/10/2017

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Қазақстанда аналогы жоқ жаңа көпфункционалды спорт және ойын алаңы салынды. Алаң «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

2-қазан күні Ақтау қаласында жаңа көпфункционалды спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының «Doma Doma» ҚҚ бірлесіп, Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен  салынған көпфункционалды алаңда футбол, стритбол, балалар ойын алаңы, көше тренажерлары орналасқан. Алаңды барлық қала тұрғындары мен қонақтары тегін қолдана алады.

Шараға ҚР Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, облыс спортшылары, қала жастары мен спорт субмәдениетінің өкілдері қатысты.

Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаевтың айтуынша, қала тұрғындарының спортпен айналысуына үлкен мүмкіншіліктер жасалып жатыр.

«Енді қалаларыңызда  тамаша спорт алаңы бар. Спортпен айналысуға үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Бұрын мұндай алаңдар біз үшін арман болатын. Ал қазір бәрі де қолжетімді болды. Сіздердің облыстарыңызда  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен осындай барлығы 25 спорттық ойын алаңы салынады »,- деді Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев.

Шара барысында түрлі спорт стилінде көрсетілімдер өтті.  Атап айтсақ, фристайл-футболшылар, «Каспий» БК баскетболшылары, «Боди комбат» фитнес қозғалысының өкілдері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, алаңда сән көрсетілімі мен арнайы ұйымдастырылған Dance Battle өтті.  «Еліміздің дамуы ең алдымен халқымыздың денсаулығымен байланысты.  Олай болатын болса, ең алдымен жастарымыздың денсаулығын ары қарай нығайту керек деп ойлаймыз. Сондықтан осындай үлкен жобаларды жүзеге асыруға бел байлап отырмыз.»,- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

 «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында бастау алды. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары қатынасқан аймақтарда өмір сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру. Бағдарлама үйлестірушісі - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту корпоративті қоры

Бағдарлама бойынша, қазан айының соңына дейін Маңғыстау облысының  қалалары мен аудандарында  12 спорт және ойын алаңдары салынбақ. Қазіргі таңда  оның алтауы  қолданысқа берілді. Нақтырақ айтсақ, Ақтау қаласында – төрт алаң және  Мұнайлы ауданының Маңғыстау және Дәулет елді мекендерінде алаңдар пайдалануға берілді.

Маңғыстау облысында аталмыш бағдарламаның аясында 50 мектеп байқау бойынша спорт құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, есту, көрі және ақыл-ой бұзылушылықтары бар  түзелту мектептері  арнайы құралдармен жабдықталды.

Толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөміріне хабарласуларыңызды өтінеміз: 

Comments are closed.