Маңғыстау облысының 50 мектебі заманауи спорттық құралдарымен жабдықталды
24/05/2017
24 мамыр айында, Ақтау қаласында, «Биіктерге бірге!» байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Үздік спорт жобасын анықтау байқауы Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарының арасында болды.«Біз үшін Маңғыстау облысының әрбір тұрғынының қолдауымызды сезгені, Маңғыстау мекенінің өмір сүру деңгейі қалай өзгеретінін көру өте маңызды. Сонымен қатар, бұл қолдау тұрақты болуы тиіс. Сондықтан, 2016 жылы «Менің елім» бағдарламасын іске асырып, оның аясында осы байқауды өткізіп отырмыз. Байқауға облыстың көптеген мектептері қатысқанына өте құаныштымыз, бұл балалар мен жастардың спортқа деген махаббатын көрсеткені дәлел» — деп, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының жоба менеджері Ирина Дүйсенеева деді.
Байқау «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобы бар өңірлердегі «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар Бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
«Биіктерге бірге!» байқауының мақсаты – жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ мектептердегі спорт жабдықтарын жаңа стандарттар мен технологияларға сай сапалы жаңарту.
Мерекелік бағдарламаға ұласатын марапаттау салтанатында австриялық өндіруші AVK GmbH компаниясының спорт жабдықтары көпшілік назарына ұсынылып, таныстырылды. Сондай-ақ, спорт жабдықтарының жиынтығы жеңімпаздарға сыйға тартылды.
Үш апта ішінде Маңғыстау облысы мектептері арасынан байқауға 76 өтінім келіп түсті. Бұдан, облыстың әрбір екінші мектебі сынға түсіп, спорттық жоба әзірлегенін байқауға болады. Ал бұл, өз кезегінде, ондағы оқушылардың пайдалы іске ат салысып, денсаулықтарын нығайтуға ықпал етіп отыр. Осылайша, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған кезекті қадамы ұтымды жасалды. Келіп түскен өтінімдер арасынан ең қызықты 50 жоба іріктеп алынды.
Соның нәтижесінде 50 мектеп заманауи спорт жабдықтарымен жарақтандырылды. Ал солардың ішіндегі 10 мектеп үздік ондық қатарынан орын алды.
Ұйымдастырушы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының көздегені бойынша, «Биіктерге бірге!» байқауы өңірдің биылғы жылғы спорттық өмірін жаңа белестерге бастады және басты бағыттарының бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылатын «Менің елім» бағдарламасының идеялар қоржынын толықтыратын жетекшіге айналды.
Іс-шарада мектеп және жергілікті қоғамдастық өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді компанияларының өкілдері, Маңғыстау білім басқармасының басшылығының орынбасары Гүлмира Мамаева және т.б. қатысты.
«Ұрпақтың деңсаулығына өте үлкен көңіл бөліп, жергілікті жерлерде спорттың дамуына жағдай жасалып жатыр. Сондықтан, облыстың 50 мектебіне спорттық құрал-жабдықтар алып отырған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бағдарламасына үлкен алғысымызды айтамыз. Жоба жеңімпаздарын құттықтаймын! Жергілікті жерлерде спорт дамып, балаларымыздың жетістіктері көбейе берсін» - дейді Гүлмира Қасымқызы.
«Менің шын мәнінде «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына «Samruk-Kazyna Trust» Қорын құруына алғысым шексіз. Қор осындай тамаша идеяларды іске асырып, облыстық әлеуметтік саясатын үнемі қолдайды. Жоба жеңімпаздарын құттықтай отырып, берілген спорттық құрал-жабдықтарын тұрақты пайдаланып, және біздің балаларымыздың дендері сау, күштері зор болуына көмек көрсетеніне сенімдімін» - дейді Ақтау қаласының «Казатомпром» МАЭК ұжымымен жұмыс істеу департаментінің директоры Андрей Могилин.
Анықтамалық үшін:
«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2016 жылдың соңында басталған. Оның мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бар өңірлердегі өмір сүру сапасын жақсартуды көздейтін жобаларды іске асыру. «Менің елім» Бағдарламасын, оның үйлестірушісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырып отыр.
Маңғыстау облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еңшілес кәсіпорындары: «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «НК «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ.
Қосымша ақпарат осы телефондар бойынша: +7 (7172) 24-80-15, 57-69-37.
E-mail: pr@sk-trust.ibitrix.kz
Добавить комментарий