24-25 ақпан Астанада әлеуметтік жауаптыларға Корпоративтік қайырымдылық Форумы өтеді

Корпоративтік қайырымдылық форумы – Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында тәжірибе алмасу бойынша Қазақстандағы бірден-бір диологтік алаң.

Өтетін іс-шара «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларын дамыту Қорының қолдауымен өтеді . Ұйымдастырушылар Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту ғана емес, үздік қайырымдылық бағдарламалар тәжірибелерін  жинап, олардың бизнес-ортада және қоғамда неғұрлым тиімді тәсілдерін анықтауды мақсат етіп қояды.

 

Форумда 350 қонақтар, 150 компаниялар және 25 спикерлер қатысуын растады. Оның ішінде, «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарма төрағасы - Өмірзақ Шөкеев пен «Газпром нефть» КАҚ өңірлік саясат басқармасының бастығы Анна Казарина.

Форум аясында  пленарлық отырыстар мен білім беру және пікірталас алаңдары: халықаралық сарапшылардың панельдік сессиялары, шеберлік сыныптары және тренингтері жұмыс істейтін болады. 

Қазақстандық және шетелдік өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтетін Қайырымдылық концерті іс-шараның маңызды бөлігіне айналады

Пікір үстеу