Қазақстанда «Менің елім» бағдарламасы іске қосылды

06/10/2016

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 2016 жылғы 5 қазан күні «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы орналасқан аймақтарда «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның тұсаукесері Аршалы кентінде өтті. Онда бағдарламаның бірінші нысындары іске асырылды. Бағдарламаның әкімшісі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.Бұл күні кентте мерекелік көңіл-күй орнады – тұрғындар саябақта серуендеп, балалар мен үлкендер жаңа жаттығу құрылғыларын пайдаланып көрді. Bar Bars командасы баршаны таң қалдырған шоу көрсетіп, балалар бойында бұл спорт түрімен шұғылдануға деген қызығушылық тудырды.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы – бұл 500 аса компания мен 325 000 аса адам. Сондықтан Қордың стратегиялық басымдықтары – өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және холдингтің әр қызметкері өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – өңірлердегі өмір сапасын арттыру, тұрғындардың сапалы қалалық ортаға, білім беруге, медицинаға және мәдени нысандарға қол жетімділігін кеңейту.

Бағдарлама Қазақстанның «Самұрық-Қазына» АҚ холдингінің өндіруші және өңдеуші компаниялары орналасқан өңірлерін қамтиды. Бірінші кезеңде (2016-2017 жылдар) бағдарлама Ақмола, Павлодар және Маңғыстау облыстарын, келесі жылдары – еліміздің тағы 6 облысын қамтымақ.

Жоба аясында Аршалы кентінде бірінші нысандардың тұсаукесері өтті. Оған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттары: Қуаныш Сұлтанов, Айгүл Нуркина, Әлия Сапарова, Бейбіт Мамраев, жергілікті әкімшілік атынан Аршалы ауданының әкімі – Азамат Тайжанов, ҚР Білім және ғылым министрінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі Бәлия Кенжеболатова, қоғамдық қайраткерлер, Юрий Мельниченко – Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы қатысты.

Аршалы кентінде саябақта және жалпы білім беретін орта мектепте бос уақыт өткізуге болатын спорт нысандары жүзеге асырылған. Орта мектептің спорт залында жөндеу жұмыстары жүргізілген, мектеп спорт құралдарымен және Street Workout алаңымен жабдықталған. Сонымен қатар, Аршалы кентінің саябағында келесі спорт нысандары жасалған: Street Workout алаңы, инклюзивті балалар және спорт алаңдары, стритболға арналған алаң және әмбебап спорт алаңы.

«Бағдарлама бойынша Аршалыда табысталған нысандар – бұл өңірлерді дамытудағы бірінші қадам. Бағдарламамызды балалармен және спортпен байланысты жобалардан бастағанымыз кездейсоқ емес, дені сау әрі дамыған балалар сәтті болашағымыздың кепілі болып табылады. Сонымен қатар, біз мемлекетке Қазақстанның барлық тұрғындарының салауатты өмір салтына бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуде көмектесеміз. Бағдарлама аясында өңірлердің тарихи-мәдени мұрасын жандандырамыз және жергілікті қоғамдастықтарға әр өңір үшін маңызды жобаларды іске асыруда жәрдемдесеміз. Бұның барлығы – 9 өңірді қамтитын бағдарламамыздың іске асырылу бағыттары», - деді жоба туралы «Самұрық-Қазына» АҚ коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Дархан Кәлетаев.

Жобаны іске асыруға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жыл сайын 3 миллиард теңгеге дейін бөлу жоспарланған.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының сараптамалық-консультациялық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбеновтың айтуынша, «дарындылар негізінде өңірлерден шығады. Воркаут алаңының ашылуына келген балалардың көздері жанып, жаттығуға және жетістіктерге жетуге деген ынталары пайда болды. Осындай жобалар арқылы біз бұдан да көп чемпиондар тәрбиелей аламыз деген сенімім зор». Айта кету керек, кенттің өз чемпионы бар – ауылдастарын құттықтауға Street Workout бойынша әлем чемпионы Дияс Биджиев келді. Ол 2008 жылы өз жолын ескі стадиондағы жаттығулардан бастаған. Дияс жастарға табыс әрі жаңа жеңістерге жетуді тіледі.

Comments are closed.