ҮЕҰ байқауының нәтижелері
18/07/2016
15 шілде күні сараптау-консультациялық кеңестің отырысы өтті. Онда Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары арасында әлеуметтік жобаларды әкімшілендіру жөніндегі байқаудың нәтижелері анықталды.Анықтама: Байқау 16 мамыр мен 13 маусым аралығында Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары арасында өткізілді. Қордың міндеті – әр аймақтың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына сәйкес әлеуметтік мәселелерді шешу. Барлығы 33 өтініш келіп түсті, байқауға шығарылған жобалардың жалпы сомасы шамамен 250 млн. теңгені құрайды.
Жоба: «Кәсіпкерлікке бағытталған әлеуметтік гранттар»
Қысқаша сипаттама: Жоба мүмкіндіктері шектеулі адамдарды материалдық әл-ауқат және кәсіби өсудің негізі ретінде кәсіпкерлік қызмет жүргізуге ынталандыратын жағдайлар жасау мақсатымен мүгедектігі бар кәсіпкерлерге өтеусіз гранттар беруге бағытталған.
Байқау жеңімпазы: «Шарапат» мүгедек жастар ұйымы» ҚБ.
Жобаның іске асырылу орны: Қазақстан Республикасының барлық аймақтары.
Жоба: «Аутизмді жеңуге болады!».
Қысқаша сипаттама: Сырқатты дұрыс және уақытында анықтау үшін және балаларды оңалту үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы «аутизм» диагнозы бар балаларды әлеуметтендіру.
Байқау жеңімпазы: «Еркін Мейірімдік Қоғамы» ҚҚ.
Жобаның іске асырылу орны: ҚР 12 облыстық орталығы.
Жоба: «Үміт үйі».
Қысқаша сипаттама: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған баспанасы бар сенім орталықтарын ашу.
Байқау жеңімпазы: «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек орталығы» ЖМ.
Жобаның іске асырылу орны: Ақтау қ.
Жоба: «Дені сау балалар».
Қысқаша сипаттама: «Балалар церебральды сал ауруы» диагнозы бар балаларды уақытында және сапалы оңалту үшін қажетті жағдайларды жасау.
Байқау жеңімпазы: «БолашақК» ҚҚ.
Жобаның іске асырылу орны: Атырау облысы.
Жоба: «Тәлімгерлер».
Қысқаша сипаттама: Ересек волонтерлер-тәлімгерлер тарапынан жетім балалар әрі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кәсіби түрде ұйымдастырылған қарым-қатынас.
Байқау жеңімпазы: «Дара» ЖҚ Астанадағы филиалы.
Жобаның іске асырылу орны: ҚР 2 аймақтан кем емес.
Жоба: «Қараусыздық пен бақылаусыздыққа жол жоқ!».
Қысқаша сипаттама: Қазақстан Республикасы аймақтарында полиция жанындағы балалар бөлмелерін ізгілендіру.
Байқау жеңімпазы: «Дағдарыстар орталықтарының одағы» ЗТБ.
Жобаның іске асырылу орны: ҚР үш облыс орталығы.
Жоба: «Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар».
Қысқаша сипаттама: Соқыр және нашар көретін балаларға арналған тактильді кітаптарды өндіру.
Байқау жеңімпазы: «Ашық әлем» жастар волонтерлік үйі» ҚҚ.
Жобаның іске асырылу орны: Қазақстан Республикасының барлық аймақтары.
Жоба: «Денсаулыққа жол».
Қысқаша сипаттама: Медициналық және әлеуметтік мемлекеттік қызмет көрсетулерге тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету және хабардарлығын арттыру.
Байқау жеңімпазы: «Ұлттық медициналық қауымдастық» РҚБ.
Жобаның іске асырылу орны: Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары.
Жоба: «Оңалту бойынша әлеуметтік қызметкерлерге арналған семинарлар».
Қысқаша сипаттама: Каскадты әдіс арқылы оңалтудың тиімді әдістемелерін оқып-үйрену жөніндегі қызметтік семинар-тренингтер ұйымдастыру арқылы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру/қайта даярлау.
Байқау жеңімпазы: «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры» ҚҚ.
Жобаның іске асырылу орны: Қазақстанның солтүстік, батыс, оңтүстік аймақтары.
Жоба: «Бақытты балалық шақ».
Қысқаша сипаттама: Арнайы түзету мектептері мен интернаттарының материалдық-техникалық базасын жабдықтау.
Байқау жеңімпазы: «Күн әлемі» мүгедек балалармен, олардың ата-аналарымен жұмыс, нашақорлықты алдын алу және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарын қолдау жөніндегі үкіметтік емес ұйым» аймақтық қоғамдық бірлестігі.
Жобаның іске асырылу орны: Қазақстан бойынша 20 мекеме.
Жоба: «Отбасын қолдау орталығы».
Қысқаша сипаттама: Бала асыраушы отбасыларды және өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасыларды қолдау орталығының эксперименттік үлгісін құру.
Байқау жеңімпазы: «Отбасы академиясы» отбасын кешенді қолдау орталығы» ҚҚ.
Жобаның іске асырылу орны: Қазақстан Республикасының аймақтары (2 аймақтан кем емес).
Добавить комментарий