Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аламан бәйгеден «АЛТЫН ТҰЛПАР» дәстүрлі республикалық турнирін өткізу бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Астанада 8 шілде күні баспасөз мәслихаты өтті, онда іс-шараның ұйымдастырушылары – Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» үшінші дәстүрлі республикалық турнирінің өткізілуі жөнінде хабарлады. Бұл шара жыл сайын бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қатысуымен өтеді.Аламан бәйге – тек тарихи ғана емес, сонымен қатар қоғамдық маңызы жоғары болатын астары бар, қазақ халқы ұзақ жылдар ішінде сақтап келген бірегей спорт түрі. Осы ойынның мақсаты – жаңа орынға көшу кезінде жылқыларды ұзақ жүруге дайындау, сонымен қатар тұқымды жақсарту үшін ең төзімді әрі мықты сәйгүліктерді таңдау. Бүгіндері қазақ жылқыларынан басқа ешбір жылқы спорттың бұл түрінің жүктемесін төзе алмайды.

Биыл турнир Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, еліміздің әрбір аймағы – 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының өкілдері сынға түседі.

Баспасөз мәслихатына қатысқандар: ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Дархан Кәлетаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар спорттың бұл түрінің маңыздылығы мен бірегейлігін ерекше атап өтті. Ол салауатты өмір салтын насихаттаудан басқа, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, өз ұлтының тарихи тамырларына деген құрметті, ұлттық ұқсастықты және қазақ халқының бірегейлігін күшейтеді. 

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жеңіс үшін әр аймақтан жүйрік 10 сәйгүлік жарысқа түсетіндігін атап өтті. Мәреге алғашқы жеткен тоғыз жеңімпазға диплом және қаржылай жүлде беріледі. Арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар жеке марапатталады: «Ат сыншысы», «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы» және «Киікбай сыншы».

Жарыс өтетін жерге көрермендер үшін арнайы автобус жүреді. Олар аламан бәйгедегі еліктіретін әрі қызықты жарыстан өзге, арнайы мәдени бағдарлама мен қол өнер көрмелерін тамашалап, қымызмұрындық, ұлтық тағам түрлері фестиваліне қатыса алады.

Пікір үстеу