«Үркер» тұрғын алабында мұз айдыны ашылды
23/11/2019

Ауданы 1280 шаршы метрді құрайтын әмбебап спорттық және балалар ойын алаңы 3 аумақтан тұрады. Онда суық мезгілде хоккей кортына айналатын футбол алаңы, балалар алаңшасы және жаттығу құрылғылары бар. Ойын алаңына жасанды шым, ал балалар алаңы мен жаттығу аумағына зақымданудан сақтайтын тігіссіз резеңке қиқымдарынан тұратын тартан төселген.
Бұл жобаны «Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» аясында Есіл ауданы әкімдігі «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырды.
Сілтеме:
Elorda.info
Маған ұнайды
0
Пікір үстеу