«Samruk-Kazyna Trust» Қорының футбол құрамасы футболдан жолдастық кездесулер өткізді

06/09/2017

3 қыркүйекте Ла Скала, «Астана Опера» және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің футбол құрама командалары арасында жолдастық кездесу өтті. Сонымен қатар, әуесқой жарысқа италияндық жеке энергетика компаниясы «Eni» және «Samruk-KazynaTrust» Қорының құрамаларын қосқанда жалпы саны 5 команда қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі жеңіп алды. Аталмыш министрліктің құрама сапында  ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің вице-министрі Асқар Баталов, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған қазақ музыка мектеп интернатының директоры Мырзахан Қадыров сынды белгілі азаматтар бар.  Екінші орынды «Астана Опера» ұтып алса, үшінші орынға «Samruk-KazynaTrust» Корпоративтік қоры жайғасты. Төртінші орынға  Ла Скала театры тұрақтаса,   италияндық «Eni»  энергетика компаниясы бесінші орынды қанағат тұтты.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы спорттың әртүрлі құрлық пен елдерді, әр салада жүрген маман иелерін біріктіретінін және достық қарым-қатынастарын күшейте түсетінін ерекше атап, жеңімпаздарға жүлделерін табыстады.

Турнирдің үздік ойыншы атағы «Ла Скала» театрыны құрамасының қақпашысы Андреа Виталиниге бұйырды.

Comments are closed.