ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Әлемде Аутизм туралы ақпаратты тарату күні атап өтілуде

02/04/2018

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні. Алайда, бұл туралы тек осы күні ғана айту дұрыс емес. Себебі, «аутизм» диагнозы қойылған баламен қалай сөйлесу керектігін, онымен өзін қалай ұстау керектігін және оңалту курсын қайдан өту керек екендігін екінің бірі біле бермейді.

Өкінішке орай, соңғы уақытта қазақстандық дәрігерлер бұл дерттің көрсеткіштері өсіп жатқанын ескереді. Десе де, бұл мәселе толықтай зерттелмеген, осы күнге дейін бүкіл әлем бойынша ғалым-дәрігерлерде бұл науқастың неден пайда болатыны туралы ортақ пікір жоқ.

2013 жылы Samruk-Kazyna Trust «Еркін Мейірімдік Қоғамы» ҚҚ бірлесе отырып, «Аутизмді жеңуге болады» жобасын іске қосты. Жоба «аутизм» дертіне шалдыққан балаларға уақытында дұрыс диагноз қойып, оңалту курсынан өтуге мүмкіндік беру арқылы оларды әлеуметтендіруге бағытталған.

Жоба аясында мемлекеттік алғашқы медициналық-педагогикалық мекемелердің қызметкерлері үшін ауруды ерте диагностикалау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін оқыту семинарлары өткізіледі.

Одан басқа, аутист балалармен отбасында түсінушілікті жақсарту және ата-аналар мен қоғамның стереотиптік көзқарасын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы уақыт ішінде аутистік спектрдің бұзылуымен оны емдеу жолдары туралы мәліметтермен халық неғұрлым ақпараттанған.

Сонымен қатар, Аутист балалардың ата-аналары қауымдастығы құрылып, онда елімізде «аутизм» диагнозы қойылған балалардың ата-аналары бір-біріне қолдау білдіріп, дертпен күресу жолдарын бірігіп зерттейді.

Добавить комментарий