1 000 000 көрермен, 7 000 қатысушы, 1 челлендж: қазақстандықтар #Сенің Жаңа Қырың жобасын қолдады
26/05/2018
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ұйымдастыруымен басталған «Сенің Жаңа Қырың» челленджі қазақстандықтар арасында кеңінен тарап кетті. Спорт бастамасын алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі қолдап, өңірлермен тікелей телекөпір өткізді.
26 мамыр «Дәулет» спорт кешенінде сауықтыру гимнастикасына қатысу үшін 3000 астам қала тұрғыны жиналды. Шара Challenge «Сенің Жаңа Қырың» республикалық спорт бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға шақырды.
«Елбасы өзінің халыққа жыл сайынғы жолдауында маңызды мақсаттардың бірі ретінде – 2020 жылға дейін халықтың 30% спорт пен дене шынықтыруға тарту керек деп атап өтті. Менде барша халықты спортпен айналысуға және спортты өміріміздің ажырамас бөлігі етуге шақырамын», - деді өз сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Акцияны еліміздің танымал азаматтары қолдады. Атап айтсақ, Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова, Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит, «Қазақстан Барысы» ұлттық турнир чемпионы Ұлан Рысқұл және т.б.
«Бүгін мен Challenge «Сенің Жаңа Қырың» жобасын қолдауға келдім. Менің ойымша бұл елімізде спортты дамытуға жасалып жатқан ауқымды шаралардың бірі. Сондықтан, мұндай шараға ат салыспау мүмкін емес.Спортпен шұғылданыңыздар!», - деп атап өтті Василий Левит.
Астанамен тікелей қосылымға төрт қала шықты. Олар: Шымкент, Өскемен, Петропавл және Ақтау қаласы. Қалған өңірлер бұқаралық жаттығуға оффлайн режимде қосылды. Барлығы сауықтыру жаттығуларына 7000 астам адам қатысты. Ал, шараны миллионға жуық қазақстандық тамашалады.
Добавить комментарий