ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен биыл Астана мектептерінде жаңа инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

24/04/2025

Сыныптар «Samruk Charity Marathon» қайырымдылық марафонынан жиналған қаражаттан жабдықталады. Бұл туралы Корпоративтік қордың бас директоры Альфия Адиева инклюзия тақырыбына арналған халықаралық конференцияда айтты. Осыған дейін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы атынан Астананың 11 мектебінде жаңа форматтағы инклюзияны қолдау кабинеті ашылған.

Алғашқы 5 кабинет Марафон есебінен, тағы 5 мектеп Қордың жеке қайырымдылық бюджетінен болса, осы жылы ашылған 1 кабинет «SK Azil Fest» қайырымдылық кешінен түскен қаражатқа ашылды. Нәтижесінде елордада 500-ге тарта бала инклюзивті біліммен қамтылып отыр.

Сонымен бірге Қордың инклюзия саласындағы жобалары таныстырылды. Инклюзиялық жобалар Қордың денсаулық сақтау, білім, спорт сынды негізгі бағыттарының әрқайсында бар. Бұл – оңалту орталықтары, инклюзивті спорттық секциялар мен оқыту жобалары.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Қолжетімділік, теңдік және әртүрлілік – заманауи мектептің басымдылықтары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында отандық мамандармен бірге Канада, Түркия, Әзірбайжан, Жапониядан барлығы 100-ге тарта білім беру мамандары қатысуда.

Добавить комментарий