«Samruk-Kazyna Trust» Қазақстанда инклюзивті білім берудің жаңа стандартын қалыптастыруда
17/01/2025
«Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қоры елімізде инклюзивті білім берудің жаңа стандартын қалыптастыруда. Қор қолдауымен Астана мектептерінде 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, онда тек ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер жасалып қана қоймай, ата-аналар үшін де тартымды білім беру орталықтарына айналуда. Инклюзивті кабинеттер тұжырымдамасы «Самұрық-Қазына» қоры инклюзия саласындағы мамандармен бірлесе отырып әзірленді. Осылайша қазіргі заманғы тәсілдер мен әлемдік тәжірибе ескерілді.
Заманауи кабинеттер іске қосылмай тұрып, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін сапалы білім алу жолында бірқатар қиындықтар болған. Бүгінде инклюзия сыныптары бар мектептер қолайлы, әрі қауіпсіз орта үлгісіне айналды. Мысалы, №97 мектепте ашылған кабинет есебінен ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар саны 15-тен 45-ке, №59 мектепте 18-ден 34-ке, ал №76 мектепте 5-тен 25-ке артты. Бұл өз кезегінде ата-аналардың инклюзия кеңістіктері бар мектептерді таңдауға септігін тигізді. Жоба аясында ашылған 10 инклюзия кабинеті Астанадағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 16%-ын қамтыды. Бұл жобаның жүзеге асуы балалардың қабілеттерін дамытуға және қоғамда әлеуметтенуіне көмектесетін қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды қадам болды.
2025 жылдың соңына дейін елордада тағы 10 инклюзивті кабинет ашылады, бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қазіргі заманғы білім алуға қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының Қазақстанның білім беру жүйесін трансформациялаудағы стратегиялық рөлін айқындайды. Инклюзия кабинеттері бар мектептер тек білім беру мекемелері ғана емес, балалар өз әлеуетін дамытып, қажетті қолдау алып, болашақтарына сеніммен қарауға мүмкіндік беретін орталықтарға айналуда.
Добавить комментарий