ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Астанадағы Ұлттық травматология орталығына 400 млн теңгенің жабдықтары табысталды 

18/09/2024

«Самұрық-Қазына» АҚ Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығына жалпы құны 393,1 млн теңге болатын жаңа заманауи жабдықтарды табыстады. Сатып алынған техника жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының салдарынан болатын асқынуларды азайтуға көмектеседі. 

          Салтанатты рәсімге Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев қатысты. 

          «Жылына тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен ауруларынан зардап шегетін 8 мың азаматымыз енді едәуір сапалы, жоғары деңгейдегі медициналық көмек алады. Жаңа жабдық медициналық орталық жұмысының тиімділігін арттыруға сеп болады деп сенемін», – деді Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде. 

          Сондай-ақ, ол корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында Қор адамдардың денсаулығын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлетінін еске салды. Мысалы, маусым айында 250 орынға арналған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ашылды. 

          Samruk Kazyna Trust арқылы Қазақстанның аймақтарында 42 оңалту орталығы іске қосылды. Жыл сайын «Саламатты Қазақстан» пойызы аясында шалғайдағы ауылдарда 100 мың адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Батыс Қазақстан медициналық университетінде жаңа онкологиялық оңалту бөлімі ашылды. Сонымен қатар, басқа да медициналық орталықтар, соның ішінде балаларды емдеуге арналған орталықтар да заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. 

Добавить комментарий