ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Атырау облысында оңалту орталығы ашылды

19/08/2024

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Атырау облысында оңалту орталығы ашылды

Орталық Құлсары қаласында орналасқан және 150 орынға есептелген. Оған үш жастан алты жасқа дейінгі балалар қатысады.

Орталықтың ресми ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Атырау облысының әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты.

«Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде біз мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық өмірге толыққанды араласуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Осыған дейін 40 оңалту орталығын іске қостық, онда 40 мыңнан астам бала көмек алып жатыр. Сондай-ақ бейімделген дене шынықтыру секцияларын ұйымдастырып келеміз, қазір олар 23 қала мен ауылда жұмыс істеп тұр. Биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтар цифрлық мамандықтар бойынша білім алуды бастады. Осы жылдың соңына дейін Топта жұмыс істейтін қызметкерлердің санын 3000-ға жеткізу жоспарланып отыр, - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.

Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ тобының атынан «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды. 

Добавить комментарий