ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Катонқарағай ауданында алғашқы заманауи спорт алаңы ашылды

30/07/2024

«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен ШҚО шекаралас ауданында ауыл жастарының жаңа орталығы пайда болды. Алаңның ашылуына қатысқан Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жаңа нысанның аудан үшін маңыздылығы мен «Самұрық-Қазына» қорының елдегі бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Ашылудан соң, жаңа алаңда футболдан шағын турнир өтті.

1,6 мың ш.м. аумақтағы алаңда:

  • Жасанды көгалы бар 40х20 м футбол алаңы;
  • 24х16 м тартаннан жасалған баскетбол-волейбол алаңы;
  • Көлемі 16х16 м workout аймағы бар.
    Заманауи жабдықталған алаңда спортпен шұғылдану үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ оның жан-жағы толықтай қоршалғандықтан, қауіпсіздік талаптары да сақталған.
    Жоба операторы - Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры.

Добавить комментарий