ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Туған елге саяхат» танымдық жобасының 2-кезеңі басталды

24/07/2024

24 шілде «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауының арқасында іске қосылған «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызының 2-кезеңіне қатысушылар жолға шықты. Елорданың көрікті жерлерімен танысқан соң «Нұрлы жол» вокзалынан қызықты сапарға аттанған олар, 3 тамызға дейін Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға барады.
Сонымен бірге өскелең ұрпақ өкілдері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үн қосып, саяхат барысында экологиялық өмір салтын қалыптастырады. Еске сала кетсек, бұған дейін алғашқы кезең қатысушылары 12 күн бойы жоғарыда келтірілген бағдар аясында Қазақстанды аралады. Екі маусымда барлығы 10-15 жас аралығындағы 400 бала қамтылуда.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан екі маусымда барлығы 10-15 жас аралығындағы 400 бала қызықты саяхатпен қамтылып отыр. Олардың тең жартысы Қордың шалғай аудандардағы өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің балалары болса, қалған бөлігі су тасқынынан зардап шеккен ауылдардағы көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардағы балалар. Қордың әлеуметтік саясатының негізгі қағидаты – халық игілігіне жұмыс істеу, оның ішінде әсіресе балаларға қамқорлыққа ерекше ден қойылады. Өздеріңіз байқағандай, әлеуметтік жобаларымыз қоршаған ортаға жанашырлық, мәдени-тарихи құндылықтарды дәріптеу сынды өмірдің сан қырын қамтуда. Осының бәрін балалар бойына сіңіріп, олардың тұлға ретінде қалыптасуына күш салынып келеді», - дейді «Самұрық-Қазына» АҚ компанялар тобы атынан жобаға қолдау көрсетуші «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева. Сонымен бірге, жобаның тәрбиелік-мазмұндық жағына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атсалысуда.

Добавить комментарий