Медициналық пойыз Жамбыл облысына келді
20/11/2023

Бүгін 20 қараша күні «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы соңғы өңір – Жамбыл облысына жетті. Алдағы екі аптада 8 станция тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.
Теміржол үстіндегі емхана мамандары шалғай елді-мекендерді аралаған сегіз айдың ішінде 100-ден астам станцияның тұрғындарын қабылдады. Оның ішінде 76 мыңнан астам тұрғын, 16 мыңнан астам бала тексерілді. 9 000 ауыл тұрғынд шағын хирургиялық оталар жасалды. 150 мың адамға арнайы мамандардан кеңес берілді.
Жамбыл облысында медпойыз Тамды (20-21.11), Хантау (22-23.11), Шығанақ (23.11), Мыңарал (25-27.11), Қаражыңғыл (28-29.11), Еспе (30.11 - 01.12), Шоқпар (01-03.12) және Бел (03-05.12) бекеттерінде көрсетілген мерзімде тоқтап, станса тұрғындарын қабылдайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобаны «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан жүзеге асыруда.
Биыл дәрігерлер құрамына азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін мамандар қосылды.
«Саламатты Қазақстан» пойызы биылғы сапарын 6 желтоқсан күні аяқтайды.
Добавить комментарий