ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Самұрық-Қазына» қолдауымен Өскеменде эко-зертхана құрылды

28/09/2023

2023 жылдың 28 қыркүйегі Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 6,5 млн теңгеге экологиялық жобаның тұсауы кесілді.

Экологиялық жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде іске қосылды. Оның барысында балаларға арналған электронды микроскоп және Өскемен қаласының ауасын, суы мен топырағын зерттеу көрсеткіштерінің жиынтығымен жабдықталған сандық үлгідегі эко-зертхана құрылды.

Жастар бұл зерттеу орнында Шығыс Қазақстан универститетінің жас ғалымдары жетекшілігімен  қоршаған ортаны зерттеу және  тамшылатып суару  әдісімен  өсімдік өсіру  іс-тәжірибесін   жүргізеді. Мәселен еріктілер көмегімен жоғары сынып оқушылары мен студенттерге 3D-принтер арқылы  құстардың ұясын, кішкентай жан-жануарларға арналған протездер және өсімдіктерге арналған ыдыстар, экокиімдер басып шығару, VR-зертхана, интерактивті карта және геймификация қолданылатын IT курстары өткізілуде. Жоба қатысушылары ғалым-биолог Борис Щербаковтың  жетекшілігімен «Шығыс Қазақстанның Қызыл кітабы» атты тұңғыш электрондық  қор құрды.

«Біз «Самұрық-Қазынамен» серіктестікте әлемді жақсы өзгертіп, қазақстандықтардың экологиялық сауатты буынын тәрбиелегіміз келеді. Ол үшін балалармен, жастармен көптеген кездесулер мен сабақтар өткізіп жатырмыз», - деді Борис Щербаков. 

 «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан ШҚО аумағында соңғы 7 жылда 1 млрд теңгеге жуық сомаға 14 әлеуметтік жобаны іске асырды.

Добавить комментарий