«Самұрық-Қазына» Қазақстандағы 15 мамандандырылған мектеп-интернатына спорттық құрал-жабдықтарды табыстай бастады
12/09/2023
«Самұрық-Қазына» қорының 15 жылдығына орай еліміздің 5 өңіріндегі 15 мамандандырылған мекемеге спорттық құрал-жабдықтар табыстала бастады. Бұл «Samruk-Kazyna Trust» қорының Қамқоршылық кеңес тарапынан оң шешімге ие болған бастамашыл жобаларының бірі. Жобаның құны 16 млн теңгені құрайды.
Спорттық құрал-жабдықтардың алғашқысы Атырау облысындағы зерде дамуында бұзылыстары бар №2 және тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернаттарына берілді.
Енді Қор компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауының арқасында 2 000-нан астам ерекше білім беру қажеттіліктері бар халықтың осал топтарынан шаққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, ақыл-ойы, сөйлеуі, есту қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген мектеп-интернатындағы оқушылар жаңа спорттық құрал-жабдықтарда шынығатын болады.
«Балаларды тәрбиелеу және оларды қажетті жағдаймен қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Бүгін Қор компаниялар тобы атынан Атырау облысындағы екі мамандырылған мектепке спорттық құрал-жабдықтарды табыстадық. Ерекше күтімге мұқтаж оқушылар жаңа оқу жылын ыңғайлы жағдайда бастап, жаңа спорт құралдарына ие болып отыр», - деп айтты «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директора Альфия Адиева.
«Бүгін жаңа спорттық жабдықтарға ие болып отырмыз. Бұл жабдықтар ерекше балалардың денелерінің шынығып, денсаулықтарының нығаюына орасан зор көмек беретініне сенімдіміз. Әрбір ерекше балаға көрсетілген сый құрмет, шынайы көңіл, бала жүрегінде қуаныш сезімін ұялататыны сөзсіз», - деп айтты Сая Жұмағалиева Атырау облыстық №3 арнайы мектеп-иниернатының директоры.
Мұндай құрал-жабдықтар қыркүйек айының соңына дейін Астана қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарындағы мамандандырылған мекемелерге тапсырылмақ.
Добавить комментарий