«Саламатты Қазақстан» пойызы Атырау жұртшылығына медициналық көмек көрсетуде
05/09/2023
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Атырау облысының тұрғындарын қабылдауда. Доңғалақ үстіндегі емхана алдымен Ганюшкино станциясына, содан кейін тағы жеті станция – Афанасьев (03.09 – 05.09), Исатай (05.09 – 07.09), Нарын (07.09 - 09.09), Аққыстау (09.09 - 11.09), Жамансор (12.09 - 13.09), Мұқыр (13.09 -15.09) және Сағыз (15.09-17.09) бекеттеріндегі тұрғындады қабылдайды.
Жоба аясында шалғай станцияларда тұратын жұртшылық білікті мамандардан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқалар) тегін тексеруден және емделуден өте алады.
Бұдан басқа, халыққа азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін кеңестер беріледі.
Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта іске асырылуда.
Добавить комментарий