«Туған елге саяхат»: Балалар пойызы алғаш сапарынан оралды
12/07/2023
«Туған елге саяхат» балалар пойызы алғашқы сапарын аяқтады. Осылайша 200 жас саяхатшы әсерлі саяхаттан Астанаға оралды. 10 күн ішінде балалар Қазақстанның ең әдемі және тарихи өлкелеріне барып, табиғи жауһарларымен танысты. Бірінші пойыз бағдары келесідей болды: Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана.
Бірінші кезең аяқталғанымен, шаттанған көңіл-күйдегі жобаның жас қатытсушылары алған әсерін жеткізіп тауыса алар емес. Бұл сапарда көптеген балалардың бойында бұққан таланты ашып, ағылшын тілін үйрене бастады, жаңа достар тапты.
- Балалардың сапардан көздері жанып, зор шабытпен, ынта-жігермен келгені байқалып тұр және бұл жобаға берілген ең жақсы баға десек, артық айтқандық болмас. Ең қызықты жерлерді таңдап, өскелең ұрпаққа ұлан-байтақ еліміздің көрікті жерлерін көрсетуге тырыстық. Жобаға қызығушылық жыл сайын артып, балалар оны тыпырши, асыға күтетіні сезіледі, - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
Саяхат керуені бастау алған елордада бірінші рет келгендер де бар. Мәселен «Қазпошта» компаниясының Шортанды қаласындағы бөлімшесінде бес жыл жұмыс істеп келе жатқан Гүлнар Құрметтің 11 жасар қызы алғаш рет туған ауылынан тысқары шыққан.
- Менің қызым көңілді сапарға аттанатына қатты қуанып, күн сайын қоңырау шалып отырдық. Сөйтіп күнде көргендерінің бәрін сипаттап, саяхаттың, жаңа қалалар мен достардың, жалпы барлығының ұнайтынын әңгімеледі. Өміріндегі ең күшті каникул екенін жеткізді. «Самұрық Қазына» қоры балалар үшін осындай керемет мүмкіндік сыйлап, армандарын орындағанына өте ризамын, - дейді Гүлнар Құрмет.
Асланбек Жанахметов те жобаға қатысушылардың қатарына кіргеніне бақытты, оның ата-анасы «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істейді.
- Маған Түркістан қатты ұнады. Мен мұнда бірінші рет болдым және расын мойындау керек, соншалықты керемет болады деп күткен жоқпын. Барлығы өте тамаша салынған, самсаған сәулет өнері! Саяхат барысында жаңа достар таптым және география мен тарих туралы молырақ біле түстім. Біз ұлттық ойындарды көп ойнап, ағылшын тілін үйрендік, квест ойнап, уақытты қызықты өткіздік», - деп өз әсерімен бөлісті ол.
Жоба аясындағы келесі екі сапар тағы 400 оқушыны қамтиды. Барлығы жобаға барлығы 600 бала қатысуда: балалардың бір бөлігі «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің көпбалалы немесе толық емес отбасыларда тәрбиеленетін, үлгерімі жақсы болса, шығармашылық байқаудың нәтижесі бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеткіншектер тағы іріктелді.
Добавить комментарий