ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ТӨРТ ӨҢІРДІҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІНІҢ КІЛТІН АЛДЫ

08/06/2023

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметіне арналған қорытынды іс-шарада «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Қостанай (1), Ұлытау (5), Абай (5) және Жетісу (5) облыстарының өкілдеріне 16 жедел жәрдем көлікке сертификаттар табысталған.

Жақында жедел жәрдем көліктері аталған 4 өңірге жеткізілді. Жуық арада өңірлік жауапты тұлғалардың өкілдері өз қамқорлығындағылардың игілігі үшін автокөліктерді мекемелерге пайдалануға береді.

Машиналар туралы: JAC Sunray - жедел медициналық жәрдем көлігі (реанимобиль): реанимациялық бригада күштерімен емдеу іс-шаралары мен медициналық процедураларды жүргізуге, ауруханаға жатқызылғанға дейін пациенттердің жағдайын тасымалдауға және бақылауға арналған.

Пайдаланушыларға тиімді және ыңғайлы сапарлар тілейміз!!

Добавить комментарий