«Самұрық-Қазына» АҚ VII Спартакиадасының суперкубогына «Қазмұнайгаз» компаниясы ие болды
26/09/2022
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы VII Спартакиада аяқталды. Алып ұжым өкілдері спорттың 8 түрінен өзара кіл мықтыны анықтап, тартысты бәсекелерде күш сынасты.
Спартакиаданың суперфиналына аумақтық іріктеу жарыстарынан өткен 85 кәсіпорыннан 688 адам қатысты.
Елордадағы басты ақтық сын нәтижесінде 29 медальмен командалық есепте «ҚазМұнайГаз» АҚ командасы алға шығып, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қолынан Суперкубокты алды.
Екінші орынды 15 медальмен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрамасы командасы иеленсе, көшбасшылар үштігін спорттың әр түрінен 12 жүлдегері бар «Самұрық-Энерго» АҚ командасы қорытындылады.
Еске сала кетейік, шағын футбол мен волейболдан, стритбол мен үстел теннисінен, шахмат пен тоғызқұмалақтан, арқантартыс мен қолкүрестен тұрған дүбірлі сайысты «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ұйымдастырып, «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары мен еншілес ұйымдары атсалысты.
Добавить комментарий