«Samruk-Kazyna Trust» бірінші сынып оқушыларын мектепке дайындауға 185 млн теңге бөліп отыр

17/08/2022

Жаңа оқу жылының қарсаңында, 12 000 болашақ оқушы, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қажетті кеңсе заттары бар алғашқы мектеп қоржындарын алады. Көмекпен жергілікті атқарушы органдар ұсынған тізімдер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар қамтылатын болады.

Жобаның бюджеті 185 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта мектеп заттарын жеткізу аяқталып, сыйлық жиынтықтары тапсыруға дайын тұр. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы 19 тамызда басталып, 1 қыркүйекте аяқталады.

Сыйлық жиынтықтарын жеткізу және тарату Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында «Самұрық-Қазына» АҚ тобы кәсіпорындарының волонтерлері мен қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылатын болады.

Қор үшін өскелең ұрпаққа, әсіресе өңірлерде жағдай жасауға және көмек көрсетуге байланысты мәселелер басым болып табылады.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының мұраты: «Самұрық-Қазына» АҚ тобы орналасқан өңірлерге баса назар аудара отырып, барша халықтың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін жақсартуға жәрдемдесу.

Comments are closed.