«Samruk-Kazyna Trust» мамандары ШҚО ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

15/06/2022

2022 жылдың 15 маусымында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен, жастармен және ШҚО әкімдігі қызметкерлерімен кездесті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Өскемен қаласындағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды. ҮЕҰ бұқарада қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз жобаларын ұсына алса, қор тарапы олардың ішінен барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болатынын қолдауға әзір. «Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, ШҚО белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді «Samruk-Kazyna Trust» жобаларды басқару департаментінің жетекшісі Әсет Қылышбаев. Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірлеріндегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты. Спикердің сөзіне қарағанда, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан ШҚО дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде өңірде жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге 13 әлеуметтік жоба іске асырылды. Бұл қаражатқа қор:
  • 6 әмбебап балалар спорт алаңын орнатты (Өскемен қ., Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы; Комсомольская к-сі, 23; Қазақстан к-сі, 64; Семей қ., Глинка к-сі, 20, №22 ЖОББМ аумағында; Аягөз ауданы, Аягөз қ., Тәңірбергенов және Ш. көшелерінің қиылысы; Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, Достық көшесі, Мәдениет үйіне қарама-қарсы);
  • Өскемен қаласы № 8 орта мектеп базасында инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығын ашты;
  • «Қамқорлық» жобасы аясында Өскемен қаласының «Ана мен бала орталығы» базасында дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған оңалту орталығын жөндеп, жабдықтады;
  • Семей қаласы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Инклюзияны қолдау кабинетін құрды;
  • 4 өкпені жасанды желдету аппараты, 30 концентратор және 60 пульсоксиметр, сондай-ақ 5 санитарлық машина жеткізілді;
  • Семей қаласының перинаталдық орталығы базасында орталық ашты;
  • Семей қаласы, Шүлбі кенті, Орталық көшесінде көпфункционалды спорт кешенін ашты;
  • әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласында облыстың ҮЕҰ үшін 1 грант бөлді («Ғажайыптар елі» оңалту-дамыту орталығы - Аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған сенсорлық интеграция залы).
Қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға әзір екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта, «Серіктес болу» бөлімінде қолжетімді: www.sk-trust.kz. Сондай-ақ қорда call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.

Comments are closed.